Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жол жүрiсi туралы
49-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар



Ст. 49 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі және жабдықталуы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

2. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарын техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі міндет көлік құралдарының иелеріне жүктеледі.

3. Егер көлік құралы үшін рұқсат етілген ең жоғары масса белгіленсе, онда көлік құралының жүктемесімен қоса массасы рұқсат етілген ең жоғары массадан аспауға тиіс.

4. Кез келген жүк:

1) адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік және жеке меншікке залал келтірмейтіндей;

2) көруді және шолуды шектемейтіндей, көлік құралының орнықтылығын бұзбайтындай және оны басқаруды қиындатпайтындай;

3) көлік құралында болуға тиіс тоқтау сигналы мен бұрылу нұсқағыштарын, жарық шағылыстыратын бейімдемелерді, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және тіркеу мемлекетінің айырым белгісін қоса алғанда, сыртқы жарық беру аспаптарын көлегейлемейтіндей немесе қолмен берілетін сигналдарды көлегейлемейтіндей;

4) алдын алуға болатын қолайсыздықтар жасамайтындай етіп көлік құралында орналастырылуға және қажет болған жағдайда бекітілуге тиіс.

 РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

5. Тіркелген көлік құралының конструкциясына, оның ішінде оның құрамдас бөліктерінің конструкциясына, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін қосымша жабдықтау заттарына, қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды жүргізу қажет.

6. Жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдығы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын мынадай негізгі талаптарға сай келуге тиіс:

1) көлік құралында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйесінің, рульмен басқарудың, артқы көрініс айналарының, дыбыс сигналының, шассидің, жарық беру аспаптарының болуы;

2) көлік құралын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін жеткілікті түрде шолуды және көруді қамтамасыз ету;

3) көлік құралының адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелін болғызбайтын механизмдерінің, қосымша жабдықтау заттары мен бейімдемелердің болуы;

4) жол-көлік оқиғасы жағдайында жолаушылар және жол жүрісіне басқа да қатысушылар үшін қауіптілікті азайтуды қамтамасыз ету.

7. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардың қоршаған ортаға шығаратын шығарындылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.

Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...95 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 49-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V