Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Жол жүрiсi туралы

Жол жүрiсi туралы
65-бап. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне көлік құралдарының қатысуына рұқсат беру



Ст. 65 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V



1. Көлік құралы, егер ол:

1) Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;

2) Қазақстан Республикасында тіркелмесе;

3) Қазақстан Республикасына уақытша әкелінсе, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісінде деп есептеледі.

2. Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді.

3. Халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес берілген:

1) көлік құралын, тіркемені тіркеу туралы куәлік;

2) көлік құралының тіркеу нөмірі;

3) мемлекеттің айырым белгісі;

4) көлік құралының таным белгісі;

5) көлік құралының техникалық қарап тексеруден өтуі фактісін растайтын құжат болған кезде жүзеге асырылады.

Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...95 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 65-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V