Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жол жүрiсi туралы
83-бап. Біліктілік комиссиялары

Ст. 83 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Біліктілік комиссиясын уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік құрады. 

2. Алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 83-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Біліктілік комиссиясының жұмысын қаржыландыруды кәсіптік бірлестік өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады. 

4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір өкілден кіреді. 

5. Біліктілік комиссиясы оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды аттестаттауды өткізеді. 

6. Біліктілік комиссиялары шешім қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыс хаттамасын және "оқытушы", "өндірістік оқыту шебері" және "білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері" біліктілігі берілген адамдар біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының куәландырылған көшірмелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті. 

7. Кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. 

Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...81 82 83 84 85 ...95

Перейти к статье






Добавить комментарий к 83-бап Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V