Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ақпаратқа қол жеткізу туралы

Ақпаратқа қол жеткізу туралы
12-бап. Ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда ақпаратты орналастыру



Ст. 12 Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ



1. Ақпарат иеленушілер өздері орналасқан үй-жайларда өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стенділерді және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды орналастырады.

Ақпараттық стенділерді және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды орналастырған кезде ақпарат иеленушілер:

тәулік бойы бұларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;

мүгедектердің оларға еркін қол жеткізуіне жағдайлар жасауға міндетті.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпарат:

1) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібін қоса алғанда, ақпарат иеленушінің жұмыс тәртібін;

2) ақпарат алу шарттары мен тәртібін;

3) өзге де мәліметтерді қамтиды.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап Ақпаратқа қол жеткізу туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ