Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қаржы лизингi туралы

Қаржы лизингi туралы
15-бап. Лизинг шарты



Ст. 15 Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78



1. Лизинг берушi лизинг шарты бойынша сатушыдан өз меншiгiне сатып алған және лизинг алушымен келiсiлген лизинг нысанасын төлемақысына кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг алушының уақытша иеленуiне және пайдалануына беруге мiндеттенедi.  

2. Лизинг шартының мынадай елеулi талаптары болуы тиiс:

1) шарттың нысанасы;  

2) сатушыны және лизинг нысанасын кiмнiң таңдап алғаны көрсетiлген лизинг нысанасын сатушының атауы;  

3) лизинг нысанасын лизинг алушыға берудiң шарттары мен мерзiмi;  

4) лизинг төлемдерiнiң мөлшерi мен кезеңдiлiгi;  

5) лизинг нысанасының құны;  

6) шарттың қолданылу мерзiмi;  

7) егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншiгiне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары;  

8) лизинг нысанасының сипаттамасы;

9)-13)

Осы талаптар болмаған жағдайда лизинг шарты жасалмаған болып саналады.  

3. Тараптардың келiсiмi бойынша лизинг шартына өзге де ережелер енгiзiлуi мүмкiн.  

4. Лизинг шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Лизинг шартының жазбаша түрде жасалуын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-бап Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78