Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қаржы лизингi туралы
19-бап. Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру



Ст. 19 Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78



1. Егер лизинг шартында немесе сатып алу-сату шартында өзгеше көзделмеген болса, сатушы лизинг нысанасын тiкелей лизинг алушыға оның жүрген жерiнде бередi.  

2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, лизинг нысанасы лизинг алушыға оның барлық керек-жарағымен және оған қатысты құжаттармен (жинақталымын, қауiпсiздігін, сапасын, монтаждалуын, жөнге келтiрiлуiн, пайдаланылуын және басқаларын куәландыратын құжаттарымен) бiрге берiледi.  

3. Сатушы лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының сатушыны таңдаған тарабы көтередi.  

4. Лизинг нысанасы лизинг шарты бойынша оны пайдалану мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, осыған байланысты залалдарды лизинг шартының лизинг нысанасын таңдаған тарабы мойнына алады.


Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2004.03.10. N 532 Заңымен.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Қаржы лизингi туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 78