Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Дене шынықтыру және спорт туралы
18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт

Ст. 18 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Халықтың тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда дене шынықтыру мен спортты дамыту: 

1) жеке адамдардың дене шынықтырумен және спортпен айналысулары үшін инфрақұрылым жасауды; 

2) спорт клубтары мен секцияларының жұмысын ұйымдастыруды; 

3) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзуді; 

4) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына көпшілік демалыс орындарында халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажеттi үй-жайлар бөлуге және спорт ғимараттарын беруге жәрдемдесуді; 

5) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуді қамтиды. 

2. Санаториялық-курорттық ұйымдар, пансионаттар, демалыс үйлерi, туристiк базалар және балаларды сауықтыру лагерьлерi жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткiзу үшін жағдайлар жасайды.
Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V