Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Дене шынықтыру және спорт туралы
32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік

Ст. 32 Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Спортшыны тіркеу туралы куәлік оның спорт федерациясында тіркеуден өткенін растайтын құжат болып табылады. 

2. Спортшыны тіркеу туралы куәлікте: 

1) спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда); 

2) жынысы; 

3) туған күні; 

4) тіркеу нөмірі; 

5) тіркеу нөмірі берілген күн; 

6) тіркеуді жүзеге асырған спорт федерациясының атауы; 

7) спорт түрі; 

8) спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер; 

9) медициналық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтер; 

10) спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері; 

11) жарыстан шеттету туралы мәліметтер; 

12) допинг қолданған жағдайлары туралы мәліметтер; 

13) мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер; 

14) жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда); 

15) таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер; 

16) фотосуреті көрсетіледі. 

3. Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Дене шынықтыру және спорт туралы 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V