Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы
3-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау

Ст. 3 Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады. 

2. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-1. Шектеулі ықпал ету шаралары


Уәкілетті орган Қорға қатысушы – сақтандыру ұйымдарының, Қорға қатысушы – сақтандыру ұйымдарының лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің Қордың қаржылық жағдайын нашарлататын бұзушылықтарын, құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтаған жағдайда, уәкілетті орган Қорға қатысушы – сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолданады. 

Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 3‑1 3‑2 ...24

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Саќтандыру тґлемдеріне кепілдік беру ќоры туралы 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423