Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Газ және газбен жабдықтау туралы

Газ және газбен жабдықтау туралы
20-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізу бағаларын мемлекеттік реттеу



Ст. 20 Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV



1. Қазақстан Республикасында тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізу бағаларын мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.

2. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағалары Қазақстан Республикасының өңiрлерiн газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтiк жағдайлары ескерiле отырып, әрбiр облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жыл сайын бірінші шілдеде жеке белгiленедi.

3. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.

4. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5. Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

6. Уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жоспарланатын кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің алдағы тоқсанға арналған шекті бағаларын бекітеді.

7. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларын шектен асырмауға міндетті.

9. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің осы бапта белгіленген шекті бағалары:

1) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің ұлттық операторға;

3) сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған;

4) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-1-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығын иеленетін, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндірген тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.

10. Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің осы бапта белгіленген шекті бағасы газ желісі ұйымдарының сұйытылған мұнай газын газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізуі жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.22 № 21-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Газ және газбен жабдықтау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532-IV