Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы
15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының қару иемденіп алуға құқығы



Ст. 15 Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339




1. 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін азаматтық қару иемденіп алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 16 жасқа толған азаматтарының лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) спорттық мақсатта иемденіп алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға құқығы бар.

Белгі беру қаруы, механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, пневматикалық қару тіркеуге жатпайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай-ақ оларды қару жеткізіп берушілерден - заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.

Осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында аталған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

Тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға аңшы куәлігі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.

Тегіс те ұзын ұңғылы аңшылық атыс қаруын меншігінде кемінде үш жыл ұстаған, белгіленген тәртіппен аң аулау құқығы берілген Қазақстан Республикасы азаматтарының ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын иемденіп алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматы сатып алған қарудың жалпы саны:

1) аңшылық атыс қаруы:

ойық ұңғылысы – бес бірліктен;

тегіс ұңғылысы – бес бірліктен;

2) өзін-өзі қорғау қаруы, оның ішінде тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы не газды пистолеттер, револьверлер не электрлі қару – екі бірліктен аспауға тиіс.

Бұл шектеулер коллекциялау объектілері болып табылатын қаруға қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының газ пистолеттері мен револьверлерін, электрлі қаруды ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша сақтау және алып жүру құқығымен өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды, сондай-ақ газ пистолеттері мен револьверлері иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.

Қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын тіркеу кезінде Қазақстан Республикасының азаматына тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органы осындай қаруды сақтауға бес жыл мерзімге рұқсат береді, ал аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді),  электрлi қаруды тіркеу кезінде - оны сақтау мен алып жүруге рұқсат береді. Рұқсат бес жыл мерзiмге берiледi және ұзартылады. Рұқсаттың нысанын және оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Қару иемденіп алуға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтініш, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытынды және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат тапсыруға міндетті.

4. Қару сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, қорғануға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерді, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды бірінші рет иемденіп алатын адамдар тұрғылықты жерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі осындай құқық берген ұйымдарда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарлама бойынша қаруды ұстау қауіпсіздігі ережелерін білетіні жөнінде тексеруден өтуге міндетті.

5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.

6. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары бар қызметкерлері азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмай-ақ алады.

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.22 N 297, 2004.12.13 N 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 318 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 107-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...33 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 339