Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті



Ст. 12 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490



Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;

2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

3) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен түзету кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;

4) мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық, қаржылық және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін сақтауға және арттыруға бағытталған өзге де шараларды пайдаланады;

5) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында мемлекеттік меншік құрылымын оңтайландыру үшін меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.12. N 131-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490