Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы
19-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдалану



Ст. 19 Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490



1. Мемлекеттік органдар:  

экономиканың мемлекеттік секторын тікелей басқаруды;  

меншік қатынастарын мемлекеттік реттеуді;  

мемлекеттік экономикалық болжамдауды және бағдарламалауды;  

өнеркәсіптік саясатты;  

инвестициялық, құрылымдық, институционалдық, салық, ақша-кредит, баға саясатын және мемлекеттік экономикалық саясаттың басқа да элементтерін;  

табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеуді;  

сыртқы экономикалық қызметті реттеуді;  

мемлекеттің экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады.  

2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалардың жекелеген мониторинг объектілері және (немесе) экономика салалары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен шараларды әзірлеу үшін негіз бола алады.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы 2003 жылғы 4 қарашадағы N 490