Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы
11-бап. Заңды тұлғаларды, филиалдарды (өкiлдiктердi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту



Ст. 11 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198




Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден (қайта тiркеуден) бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) заңды тұлғаны құрудың, қайта тiркеудің және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiбiнің бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келмеуі;

2) тапсыру актiсiн немесе бөліну балансын ұсынбауы не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлығы туралы ережелердiң болмауы;

3) егер заңды тұлға немесе заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) iс-әрекет етпейтiн заңды тұлға болып табылса;

 4) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылатын жеке тұлға әрекет етпейтін заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелуі деп танылса және (немесе) хабарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 215, 237, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болса, сондай-ақ мерзiмдiк төлемдердi өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкер болып табылатын және мерзiмдiк өндiрiп алу туралы атқарушылық iс жүргiзу бойынша үш айдан асатын берешегi жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда;

 РҚАО-ның ескертпесі!

11-бапты 4-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5) жеке басты куәландыратын жоғалған және (немесе) жарамсыз құжаттарды ұсынуы;

6) сот актілерінің және сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамауға алуларының) болуы.

Дiни бiрлестiктi мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тартудың қосымша негiздерi «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

Филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден және қайта тiркеуден бас тарту филиалды (өкiлдiктi) құрудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiбi бұзылған, есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайларда жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден бас тартылған жағдайда, тiркеушi орган оған ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамалық актiсiнiң талаптарына сәйкес келмейтiндiгіне сiлтеме жасалған жазбаша түрдегі дәлелдi бас тартуды осы Заңның 9-бабында көзделген мерзiмдерде бередi.

Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік (есептік) тіркегені немесе қайта тіркегені үшін төленген тіркеу алымын қайтару Салық кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартудың осы бапта көзделген негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...19 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198