Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы
9-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу) және құжаттарды беру мерзімдері

Ст. 9 Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 

Акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап жұмыс күнінің бір сағаты ішінде жүзеге асырылуға тиіс. 

Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 

Қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтінішті қайтарып беру (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі жұмыс күні жүргізіледі. 

Саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларға, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарға, олардың филиалдарына (өкілдіктеріне) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру, сондай-ақ жарғыны (ережені) қайтарып беру қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. 

Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. 

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажет болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу), олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеуден шығару, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу мерзімі анықталған кемшіліктер жойылғанға немесе тиісті қорытынды (сараптама) алынғанға дейін тоқтатыла тұрады. 

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...19

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2198