Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы
12-бап. Аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк реттеу



Ст. 12 Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66



1. Азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында аграрлық азық-түлiк нарықтарын мемлекеттiк peттеу:

1) сатып алу және тауар интервенцияларын жүргізу;

 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу шараларымен ішкi нарықты қорғау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

 2. Азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында мемлекет сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асырады.

 3. Сатып алу және тауар интервенцияларын мамандандырылған  ұйымдар азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

4. Егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша тауар интервенцияларын жүзеге асыруға жол берілмейді.

5. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.11 N 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 13-1 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66