Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы
13-1-бап. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету



Ст. 13-1 Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66



1. Ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік мекеменің функциялары:

топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығына мониторинг жүргізу;

топырақ құнарлылығы деңгейінің болжамы мен динамикасын жүргізу;

агрохимикаттарды сынақтан өткізу;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу;

өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау болып табылады.

3. Мемлекеттік мекеме:

топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу;

агрохимикаттарды сынақтан өткізу;

агрохимикаттардың сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындау;

өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау;

жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамындағы макро-, микроэлементтерді, ауыр металдарды, су сіріндісін қосымша зерттеп қарауды жүргізу;

сынақтан өткізу нәтижелері бойынша қорытынды бере отырып, аспаптар мен зертхана жабдығын, агрохимия саласындағы химиялық талдамалардың әдістемелерін байқаудан өткізу;

топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оны қайта өңдеуден алынған өнімдерге, агрохимикаттарға химиялық талдаулар жүргізудің, тыңайтқыштар жүйесін жасаудың, жер учаскелерін пайдаланудың әдістері мен қағидалары жөнінде консультациялық қызметтер көрсету бойынша ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.

4. Мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...12 13 13-1 14 14-1 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-1-бап Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66