Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
10-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру



Ст. 10 Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439



1. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлетiн лицензияның қолданылуын лицензиар: 

 1) осы Заңның 6, 7 және 8-баптарында белгiленген нормалар және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы бұзылған; 

2) лицензиат бiлiктiлiк талаптарын бұзған; 

3) лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензияланатын қызмет жүзеге асырылмаған; 

4) лицензиарға оның құзыретiне сәйкес мәлiмет беруден бас тартқан немесе дәйектемесiз ақпарат берген; 

5) темекi өнiмдерiн акциз маркаларымен немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн. 

2. Темекi өнiмдерiн өндiруге берiлген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. № 201(2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...14 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439