Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
43-бап. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізудің ерекшеліктері

Ст. 43 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс мынадай шарттардың барлығы сақталған кезде өткізіледі: 

1) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуы жүзеге асырылады; 

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы пайдаланылады; 

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты пайдаланылады; 

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы табиғи монополиялар саласына жатпайды; 

5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспайды. 

2. Алып тасталды - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын бекіту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қою осы Заңда көзделген сараптамалар жүргізілместен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...59

Перейти к статье






Добавить комментарий к 43-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ