Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
57-бап. Дауларды шешу



Ст. 57 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ



1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.

2. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмесе, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ «Халықаралық төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну арқылы шешуге құқылы. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты халықаралық төрелік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша айқындалады.

3. Жекеше әріптесті айқындау тәртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.

Статья 1 ...55 56 57 58 59 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 57-бап Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ