Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі (бұдан әрі – электрондық кезек жүйесі) – автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль өткізу пункттеріне кіру уақытын броньдауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен; 

1-1) арнаулы құралдар – құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу не әскери қызметшілерді, уәкілетті органдардың қызметкерлерін және Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтарды жеке қорғау және бүркемелеу мақсатында құқық бұзушыларға, олар пайдаланатын көлік пен объектілерге дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де әсер етуге арналған құралдар; 

1-2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету – пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет; 

2) инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштер шебі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әрекетін қамтамасыз етуге арналған, Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі шегінде тұрақты пайдалануға бөлінген жер белдеуі; 

3) инспекциялық тексеріп қарау кешені – интрузивтік емес (жанасусыз) тексеріп қарау әдісімен теміржол және автокөлік құралдарын, көлік құралдарының жүк салатын бөліктерін, контейнерлерді ашпай, оларды көзбен шолып тексеру үшін уәкілетті органдар пайдаланатын, кескіндерді өңдеу мен талдау жүйелерімен жарақтандырылған тексеріп қарайтын интраскопиялық техника (интрузивтік емес тексеріп қарайтын стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр техникалық құралдар); 

4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының енін есептеуге арналған бастапқы сызықтар (бұдан әрі – бастапқы сызықтар) – Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде және оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар; 

5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (бұдан әрі – аумақтық сулар) – халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бастапқы сызықтардан бастап өлшенетін, ені он бес теңіз милі болатын, Қазақстан Республикасының егемендігі қолданылатын және сыртқы шегі Мемлекеттік шекара болып табылатын теңіз белдеуі; 

5-1) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі; 

6) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы (бұдан әрі – континенттік қайраң) – Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға және су түбі мен жер қойнауының ресурстарын игеруге байланысты басқа да құқыққа сыйымды шаруашылық-экономикалық қызметке егеменді құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауының учаскесі (Каспий теңізінің қазақстандық секторы); 

7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының ішкі сулары және аумақтық сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумақтары, өз шегінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын балық аулау аймағы, континенттік қайраң, сондай-ақ олардың үстіндегі әуе кеңістігі; 

8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғау (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау) – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде объектішілік және өткізу режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі; 

9) Қазақстан Республикасының ішкі сулары (бұдан әрі – ішкі сулар) – Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі, ол: 

бастапқы сызықтардан бастап жағалау жағына қарай орналасқан суды; 

көпжылдық орташа деңгейлі жердегі жағадан жағаға жүргізілген түзу сызықпен шектелген шығанақтардың, бухталардың, құйылыстардың және жайылмалардың суын; 

порттардың гидротехникалық және өзге де тұрақты құрылыстарының теңіз жаққа қарай неғұрлым қашық орналасқан нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген Қазақстан Республикасы порттарының суын; 

Мемлекеттік шекарадан Берг бұғазындағы Ақлақ гидроқұрылысына дейінгі (Үлкен Арал теңізінің қазақстандық бөлігі шегіндегі) Қазақстан Республикасының жағалауы жағына қарай орналасқан Арал теңізінің суын; 

жағалары Қазақстан Республикасына тиесілі шекаралық өзендердің, көлдер мен өзге де су айдындарының суын қамтиды; 

10) қайта шегендеу – жоғалған шекаралық белгілерді қалпына келтіру және ескіргендерін жөндеу, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген қосымша шекара белгілерін орнату; 

11) қызметтік жануарлар – шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды айқындау, анықтау және жолын кесу мақсатында шекара нарядтарын күшейтуге, сондай-ақ құқық бұзушыларға дене күшімен, психологиялық, құрсаулау жолымен және өзге де әсер етуге арналған иттер мен жылқылар; 

12) межелеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген және осы халықаралық шартқа қоса берілетін карталарда графика түрінде бейнеленген, Мемлекеттік шекараның жағдайы мен бағытын шектес мемлекеттер арасындағы келісім бойынша айқындау;  

13) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу – адамдардың, көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өту (кесіп өтуге рұқсат алу), жүктер мен тауарлардың Мемлекеттік шекара арқылы өткізілу заңдылығын тану; 

13-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын – айрықша жағдайларда адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын, өткізу пункті болып табылмайтын аумақ (акватория); 

14) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті (бұдан әрі – өткізу пункті) – теміржол, автомобиль вокзалы немесе станциясы, теңіз немесе өзен порты, халықаралық әуежай немесе әуеайлақ шектеріндегі аумақ (акватория), сондай-ақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу жүзеге асырылатын тиісті инфрақұрылымы бар, Мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде арнайы бөлінген өзге де жергілікті жер учаскесі; 

15) Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен тауарлар (бұдан әрі – жүктер мен тауарлар) – Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, нәрселер, материалдар, құралдар, заттар, қол жүгі (багаж) және көлік құралдары; 

16) Мемлекеттік шекараны жайластыру – уәкілетті органдардың Мемлекеттік шекара инфрақұрылымын құру және дамыту бойынша қолданатын шаралары;  

17) Мемлекеттік шекараны қорғаудың инженерлік және техникалық құралдары (бұдан әрі – инженерлік-техникалық құралдар) – шекаралық кеңістіктегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге арналған құралдар;  

18) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы – Мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында уәкілетті органдар тұрғызатын, жабдықтайтын және пайдаланатын шептер, объектілер, гидротехникалық, инженерлік және өзге де құрылыстар мен бөгеуіштер кешені; 

19) Мемлекеттік шекараны орнату – Мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық айқындау, құжаттамалық сипаттау және заңнамалық ресімдеу жөніндегі шаралар кешені; 

20) Мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу – Мемлекеттік шекара учаскелерінің өзіндік ерекшеліктерінің сипаты (шектес мемлекеттермен өзара қарым-қатынастар, шекара қауіпсіздігіне қатер төнуі, шекара маңы аудандары халқының әлеуметтік-саяси жағдайы мен тығыздығы, жергілікті жер бедері) негізінде олардың жай-күйін және Мемлекеттік шекараның құқықтық жағдайын (мәртебесін) айқындау; 

21) өзеннің өзек табаны – өзен түбінің неғұрлым төмен учаскелерін қосатын сызық; 

22) радиациялық бақылау – Mемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктерден, тауарлардан және (немесе) көлік құралдарынан шығатын иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және оны табиғи фонмен салыстыру; 

22-1) сервистік инфрақұрылым – адамдар мен көлік құралдарының жүріп-тұру, жүктердің (тауарлардың) өткізілу жағдайларын жақсартуға және өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге арналған аумақ, ғимараттар мен құрылыстар; 

23) уәкілетті органдар – өз құзыреті шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар; 

24) фарватер – навигациялық қоршалым құралдары (буйлар, қадалар, екі жарма белгілер) арқылы белгіленетін кедергілер (аралдар, тайыздар арасында) арасымен кемелердің жүзуіне арналған қауіпсіз жол; 

25) шегендеу – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ресімделген, жергілікті жерде Мемлекеттік шекараны айқындау және белгілеу; 

26) шекарадағы тосын оқиға – Қазақстан Республикасының, онымен шектес бір немесе бірнеше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын Мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты Мемлекеттік шекарадағы оқиға; 

27) шекара қауіпсіздігі – шекаралық кеңістікте жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, ақпараттық, гуманитарлық және өзге де мүдделері қорғалуының жай-күйін білдіретін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі; 

28) шекаралық аймақ – әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағы шегінде шекаралық белдеуге шектесіп жатқан Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі; 

29) шекаралық белдеу – құрлықтық учаскеде Мемлекеттік шекараға тікелей жапсарлас жатқан, ал Мемлекеттік шекара шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары арқылы өтетін учаскеде – аталған су айдындарының байырғы жағасына тікелей шектесіп жатқан аумақтың, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимі қолданылатын, оларда орналасқан аралдар аумағының бір бөлігі;  

30) шекара өкілдері – Мемлекеттік шекараның белгіленген режимін ұстап тұруға байланысты мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлері қатарынан тағайындалатын уәкілетті лауазымды адамдар; 

31) шекара өкілдерінің кездесулер пункті – шекара өкілдерінің отырыстарын, сондай-ақ халықаралық кездесулерді ұйымдастыру және өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі пайдаланатын арнайы жабдықталған үй-жайлары бар жеке ғимарат. 

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 ...80

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Добрый день. Я хотел задать вопрос. Я работаю на железнодорожный станции. Я вместе сижу с Пограничный службы в одном здание. Когда я выходил со своего кабинета без пропуска они меня штрафовали. Это правильно ли по закону.

1   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться