Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
4-бап. Шекаралық саясат



Ст. 4 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Шекаралық саясат Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органдардың шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумағының тұтастығына және қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірудің алдын алу мен жолын кесуге, оның Мемлекеттік шекарасын қорғауға бағытталған келісілген, үйлестірілген қызметін білдіреді.

2. Шекаралық саясат:

1) халықаралық ынтымақтастық;

2) шекаралық мәселелерді бейбіт жолмен шешу;

3) уәкілетті органдардың келісілген іс-қимылдары арқылы іске асырылады.

3. Қазақстан Республикасының шекаралық саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы, өкілеттіктері және қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережемен айқындалады.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...80 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V