Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
29-бап. Мемлекеттік шекара режимін бұзу



Ст. 29 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Мынадай:

1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың;

2) Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің;

3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің;

4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың;

5) Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің;

6) Мемлекеттік шекараны бұзуға байланысты шекарадағы тосын оқиғаларды шет мемлекетпен шешудің белгіленген тәртібін сақтамау Мемлекеттік шекара режимін бұзу болып танылады.

2. Адамдардың және көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің белгіленген тәртібін кез келген санкциясыз бұзуы Мемлекеттік шекараны бұзу болып табылады.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V