Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 31 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
31-бап. Өткізу пункттеріндегі режим

1. Өткізу пункттеріндегі режим – адамдардың, көлік құралдарының өткізу пункттеріне кіру, оларда болу, жүріп-тұру және олардан шығу, жүктер мен тауарларды әкелу, орналастыру, өткізу, әкету тәртібі осы Заңмен белгіленеді. 

2. Өткізу пункттерінің аумағы режимдік аумақ болып табылады. 

3. Өткізу пункттеріндегі режим: 

1) адамдардың, көлік құралдарының Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі, жүктердің және тауарлардың өткізілуі; 

2) өткізу пункттеріндегі жабық орындарға, үй-жайларға (объектілерге), сондай-ақ шетелге бара жатқан көлік құралдарына бөгде адамдардың кіруі мүмкіндігін болғызбауға тиіс. 

4. Өткізу пунктіндегі режимді бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады және ол өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының кіру, болу, жүріп-тұру, шығу; жүктер мен тауарларды әкелу, орналастыру, өткізу, әкету тәртібін сақтау жөніндегі тексеру және өзге де іс-шараларды өткізуді білдіреді. 

5. Осы тараудың күші Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға және жүру жолында шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу кезінде теміржол көлігі құралына қолданылады және олар аяқталғаннан кейін тоқтатылады. 

Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...80

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V