Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
40-бап. Шекаралық аймаққа кіру



Ст. 40 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі беретін шекаралық аймаққа кіруге арналған рұқсаттамалар бойынша жүзеге асырылады.

3. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарымен барған жағдайда, олардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүргізіледі. Осы санаттағы адамдарға жүру маршрутын өзгертуге тыйым салынады.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...80 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 40-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V