Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру



Ст. 41 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V




1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ осы Заңның 40-бабында көрсетілген рұқсат беру құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге тиіс.

2. Қазақстан Республикасына оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктер (шектес мемлекеттердің шекара маңы аудандарының тұрғындары) шекаралық аймақта жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалар бойынша, егер Қазақстан Республикасының шектес мемлекетпен халықаралық келісімдерінде осылай көзделген болса, жүріп-тұрады.

3. Шекаралық аймаққа кіруді, онда уақытша болуды, тұруды және жүріп-тұруды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктеледі, олар шекаралық аймаққа кіретін жерлерді келісім бойынша белгілейді.


Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 41-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V