Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
53-бап. Континенттік қайраң режимі



Ст. 53 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Континенттік қайраң шегінде теңіз түбі мен жер қойнауының табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды жасауға және пайдалануға, оларды консервациялау мен бөлшектеуге, қалдықтар мен өзге де материалдарды көмуге, сондай-ақ теңізде ғылыми зерттеулерді жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырудың континенттік қайраңдағы тәртібі - континенттік қайраң режимі белгіленеді.

2. Континенттік қайраң режимі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен белгіленеді.

3. Континенттік қайраң режимінің қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Континенттік қайраң режимінің негізгі мақсаты континенттік қайраңның табиғи ресурстарына барлау жүргізуге және оларды игеруге байланысты қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету болып табылады.

5. Континенттік қайраң режимін сақтауды бақылау жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...80 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 53-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V