Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
55-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Ст. 55 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

1) Мемлекеттік шекараны қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 

2) Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымын белгілеу тәртібін айқындайды; 

3) Мемлекеттік шекараны санаттарға бөлу қағидаларын айқындайды; 

4) шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілейді; 

5) шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру тәртібін айқындайды; 

6) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығару үшін негізге алынатын сызықтарды, сондай-ақ аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегін айқындау үшін географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) белгілейді; 

7) Мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде уақытша шектеулер енгізеді немесе оны кесіп өтуді тоқтатады; 

8) карантин режимін енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе екі және одан көп облыстар аумағында оның күшін жою туралы шешім қабылдайды; 

9) өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды айқындайды; 

10) өткізу пункттерінің тізбесін бекітеді; 

10-1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарды айқындайды; 

10-2) Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен аялдамай жүріп өтетін теміржол көлігі құралдарына қатысты Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерінен өтуден босату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша айқындайды; 

10-3) жүру жолында жүзеге асырылатын, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу тәртібін айқындайды; 

11) халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарының Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейінгі учаскелерін белгілеуге және жабдықтауға қойылатын талаптарды, олар бойынша жүру тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік шекарада орналасқан халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы периметрінің қазақстандық бөлігін жабдықтауға қойылатын талаптарды белгілейді; 

12) қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды; 

12-1) құрылықтық қайраңда орналасқан келісімшарт аумағындағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылған қазақстандық және шетелдік теңіз кемелері мен қазақстандық әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсаттар беру тәртібін, рұқсаттарды қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды; 

13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген ұсынуы бойынша шекаралық режимге кіретін жекелеген шектеулердің қолданысы алып тасталуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін белгілейді; 

14) өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді; 

15) шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін айқындайды; 

16) аумақтық сулардағы (теңіздегі) теңіз дәліздерін және қозғалыстарды бөлу схемаларын белгілейді; 

17) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

18) шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекітеді; 

19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...53 54 55 56 57 ...80

Перейти к статье






Добавить комментарий к 55-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V