Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
75-бап. Қызметтік жануарларды және дене күшін қолдану



Ст. 75 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қару-жарақ пен әскери техниканы және арнайы құралдарды қолдануға құқық беретін барлық жағдайларда қызметтік жануарлар мен дене күші қолданылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшілерінің шекаралық кеңістікте:

1) құқық бұзушыларды іздеу және ұстау үшін;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еркін айналымға шығаруға, Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған нәрселерді, материалдарды, құралдарды, заттарды іздеу және табу мақсатында адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарау, жергілікті жерді қарап тексеру кезінде;

3) өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қажетті қорғаныс үшін және аса қажеттілік жағдайында қызметтік жануарларды және дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға да құқығы бар. 
12-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСУЫ,
ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАЛУЫ

Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...80 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 75-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V