Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
76-бап. Азаматтардың Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысуы



Ст. 76 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V



1. Шекаралық кеңістік шегінде азаматтар ерікті жасақтар құрамында және өзге де нысандарда ерікті негізде Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысады.

2. Азаматтарды ерікті жасақтар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға тарту тәртібін, осындай тартудың нысандары мен түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

3. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының құрметтелуі және сақталуы қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

4. Мыналар:

1) қылмыстық жауаптылыққа тарту;

2) бірнеше рет (бір жыл ішінде екі және одан да көп) қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау;

3) шекаралық кеңістіктің немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кету;

4) оның Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психиканың бұзылуының анықталуы, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп туғызатын өзге де сырқатпен ауыру, азаматтың қайтыс болуы);

5) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысқысы келмеуі Қазақстан Республикасы азаматының ерікті жасақтар құрамында Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысу мүмкіндігін болғызбайтын мән-жайлар болып табылады.

Статья 1 ...74 75 76 77 78 ...80 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 76-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V