Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк статистика туралы
19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау



Ст. 19 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV



1. Статистикалық қызмет мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекітеді.

3. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға арнап қалыптастырады. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз ұсыныстарын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.

4. Уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV