Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттiк статистика туралы

Мемлекеттiк статистика туралы
21-бап. Ұлттық санақтар



Ст. 21 Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV



1. Ұлттық санақтарды жүргізу қажеттігін уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Уәкілетті орган ұлттық санақтарды статистикалық жұмыс жоспарынан тыс жүргізеді.

3. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті органға да, арнайы құрылған комиссияға да жүктеуі мүмкін

4. Ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер алғашқы статистикалық деректерге жатады және олар жеке немесе заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.

5. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде респонденттер алғашқы статистикалық деректерді міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Мемлекеттiк статистика туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV