Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
23-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану тәртiбi



Ст. 23 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72




Қылмыстық процестi жүргiзушi орган қорғалатын адамдардың қауiпсiздiгiне нақты қатер төнгенi туралы осы Заңның 22-бабында аталған өтiнiштi алған соң, оны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей, аталған адамға қатысты қауiпсiздiк шараларын қолдану не одан бас тарту туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.  

Кiдiртуге болмайтын жағдайларда дереу қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы шешiм қабылданады.  

Қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi орган қауiпсiздiк шараларын қолдану туралы нақты адамға қатысты нақты қауiпсiздiк шаралары мен оларды қолдану мерзiмдерi көрсетiлген қаулы шығарады. Қабылданған шешiм туралы, тиiстi қаулының көшiрмесi жолдана отырып, өтiнiш бiлдiрушi дереу хабарландырылады.  

Қорғалатын адамның қауiпсiздiгi мақсатында оған орындалуы мiндеттi нұсқама берiледi. Қорғалатын адамның өтiнiшi бойынша нұсқамаға өзгерiстер тек қауiпсiздiктi қамтамасыз етушi органның келiсiмiмен ғана енгiзiлуi мүмкiн.  

Қауiпсiздiк шараларын қолданудан бас тартылса, қорғалатын адам сотқа немесе прокурорға шағымдана алады. Шағым дереу қаралуға тиіс.  

Қолданылатын қауiпсiздiк шаралары қорғалатын және басқа да адамдардың тұрғын үй, еңбек, зейнетақы және өзге де құқықтарына нұқсан келтiрмеуге тиiс.  

Соттан басқа, қылмыстық процесті жүргізетін орган қауіпсіздік шараларының қабылдануына қарамастан, қылмыстық процеске қатысушы адамға қатысты қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттің жасалу қатерінің анықталуына негіздер болған кезде осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге міндетті. 

Кәмелеттік жасқа толмағандарға немесе өздерінің дене немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтары мен мүдделерін өз бетінше іске асыру мүмкіндіктерінен айрылған адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану олардың заңды өкілдерін тарта отырып жүзеге асырылады. Заңды өкілдердің осы Заңда көзделген шекте өздері өкілдік ететін жеке тұлғалардың құқықтары сияқты құқықтары бар.  

Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.04.07 N 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...21-2 22 23 24 25 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 23-бап Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72