Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі

Ст. 10 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін: 

1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті; 

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары); 

3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган; 

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері; 

5) көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері; 

6) штат саны шеңберінде бірінші басшының ұйғаруы бойынша құрылатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының ішкі аудит қызметтері құрайды. 

1-1. Ішкі аудит қызметтері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Есеп комитетінде құрылмайды. 

2. Есеп комитеті және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады. 

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады. 

3. Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды. 

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...62

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ