Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 60-6 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
60-6-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

1. Мемлекеттік органдарға және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда, осы Заңның 60-4-бабының 1-тармағында белгіленген шағым қарау мерзімі жауап алынған кезге дейін тоқтатыла тұрады. 

2. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру туралы ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, мемлекеттік аудит объектісіне жазбаша нысанда хабарлайды. 

3. Осы Заңның 60-4-бабының 1-тармағында белгіленген шағым қарау мерзімі мемлекеттік аудит объектісі шағымға толықтырулар ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады. 

Ескерту. 12-тарау 60-6-баппен толықтырылды - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...60‑4 60‑5 60‑6 61 62

Перейти к статье






Добавить комментарий к 60-6-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ