Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы



Ст. 7 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ



1. Анықталған бұзушылықтарды сыныптау, сондай-ақ оларды жою нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бұзушылықтар сыныптауышын қолданады.

Бұзушылықтар сыныптауышын республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.

2. Бұзушылықтар сыныптауышы бұзушылықтардың мынадай түрлерін қамтиды:

1) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз жұмсауға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар;

2) бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтірілуге жатады.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...62 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 7-бап Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ