Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі



Ст. 26 Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV




1. Осы Заң мыналарды:

1) алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 17-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарын және 21-бабының 1-тармағының бірінші бөлігін;

2) мұнай өнімдерін өндірушілер үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай берушілер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағының 6) және 7) тармақшаларын, 17-баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 19-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын;

3) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 1-бабының 26) тармақшасындағы "есепке алатын бақылау аспаптарымен" деген сөздер "мұнай өнімдерін есепке алуды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарымен" деген сөздер болып есептелсін.

3. Осы Заңның 16-бабы 3-тармағының екінші бөлігіндегі "сәйкестендіру нөмірі" деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер деп есептелсін.

4. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 33-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2010 ж., № 20-21, 119-құжат; № 22, 128-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 538-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 500-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
  

Қазақстан Республикасының
  
 
Президенті
  
Н. Назарбаев
  

 


Статья 1 ...24 25 26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV