Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мемлекеттiк құпиялар туралы
5-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі



Ст. 5 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I



Қазақстан Республикасының Президенті: 

1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты айқындайды; 

2) мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 

3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады; 

4) Мемлекеттік органдардың мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдарының тізбесін бекітеді; 

5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанның бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше немесе әскери жағдай енгізген жағдайларда лауазымды адамдар мен азаматтарға мемлекеттік құпияларға рұқсат ету тәртібі осы кезеңге өзгертілуі мүмкін. 

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...38 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I