Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
16-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі



Ст. 16 Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық



1. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 178-құжат; 1997 ж., N 12, 193-құжат; 2006 ж., N 1, 1-құжат) күшi жойылды деп танылсын.  

Қазақстан Республикасының

Президенті  

"Қазақстан Республикасының

мемлекеттік рәміздері туралы"

2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III

Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңына

1-ҚОСЫМША  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
 
 

"Қазақстан Республикасының

мемлекеттік рәміздері туралы"

2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III

Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңына

2-ҚОСЫМША  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
 
 

"Қазақстан Республикасының

мемлекеттік рәміздері туралы"

2007 жылғы 4 маусымдағы N 258-III

Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңына

3-ҚОСЫМША  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің


музыкалық редакциясы
 

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов 
 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтіні
 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев
 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой.  

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!  

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!  

Қайырмасы:


Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің - Қазақстаным!

Статья 1 ...14 15 16 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылғы 4 маусымдағы N 258 Конституциялық