Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Азаматтық қорғау туралы
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы



Ст. 2 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.

2. Еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік, автомобиль жолдарымен және теміржолдармен жүру қауіпсіздігі, ішкі су көлігі жүрісінің қауіпсіздігі, энергетика объектілерінің қауіпсіздігі, әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 
2-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ

Статья 1 2 3 4 ...109 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ