Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Азаматтық қорғау туралы
69-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ст. 69 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік техникалық регламенттерде, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, нұсқаулықтарда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған. 

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын белгiлеу және орындау; 

2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жол беру; 

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қауіпті техникалық құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беру; 

4) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң өнеркәсіптік қауiпсiздiгiн декларациялау; 

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау; 

6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы; 

7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау; 

8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингі; 

9) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің немесе құралымдарының қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсетуі арқылы қамтамасыз етiледi. 

Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V Заңымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...109

Перейти к статье






Добавить комментарий к 69-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ