Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
87-бап. Аварияны тергеп-тексеру қорытындылары



Ст. 87 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Аварияны тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым күнтізбелік он күн ішінде бұйрық шығарады.

Бұйрықта аварияның мән-жайлары мен себептерi туралы комиссияның тұжырымдары жариялануға, оның салдарын жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу және жұмыскерлерді жауапқа тарту жөнiндегi шаралар белгiленуге тиiс.

2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым аварияларды тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмдерi туралы жазбаша ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне береді.

3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық ақауларынан болған болса, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым оны дайындаушыға рекламация, ал өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне оның көшiрмесiн жiбередi.

Ескерту. 87-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...85 86 87 88 89 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 87-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ