Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғау туралы

Азаматтық қорғау туралы
97-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды қамтамасыз ету



Ст. 97 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ



1. Төтенше жағдайлар туындаған немесе төтенше жағдай енгiзiлген жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын тасымалдауды көлiк ұйымдары бiрiншi кезектегі тәртіппен жүзеге асырады.

2. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен шығарылатын материалдық құндылықтарды көлік ұйымдары жүкті тасымалдауға ұсыну бойынша алдын ала төлемсіз қабылдайды.

Жүкті тасымалдау шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...95 96 97 98 99 ...109 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 97-бап Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ