Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар



Ст. 2 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255



1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен.

Осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.

Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.06.19 N 134-I, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255