Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Шаруашылық серiктестiктерi туралы
25-бап. Толық серiктестiктi тоқтатудың ерекшелiктерi



Ст. 25 Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255




1. Осы Заңның 9-бабында көрсетiлген негiздерден басқа, серiктестiкте жалғыз қатысушы қалған жағдайда толық серiктестiк тоқтатылады.

2. Серiктестiкте жалғыз өзi қалған сәттен бастап алты айдың iшiнде толық серiктестiктiң қатысушысы жаңа қатысушылар қабылдап, толық серiктестiктi сақтап қалуға құқылы.

3. Жалғыз өзi толық серiктестiктiң қатысушысы болып қалған сәттен бастап ол алты айдың iшiнде мынадай iс-әрекет жасауға:

1) серiктестiк жүзеге асырып жатқан қызметтi қаржыландыру туралы салымшылармен шарт жасасуға және сенiм серiктестiгiн құруға;

2) тиiстi серiктестiк түрiнiң жарғылық қорының ең төменгi мөлшерi туралы осы Заңның талаптары орындай отырып, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құруға яки серiктестiктi таратуға құқығы бар.

Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2003.05.16 N 416 Заңымен.  
II-ТАРАУ. СЕНIМ СЕРIКТЕСТIГI


Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...62 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Шаруашылық серiктестiктерi туралы 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255