Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы

Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
17-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау



Ст. 17 Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV



1. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшін, олар өзінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақша ұсыну жолымен қатысқан жағдайда, жүзеге асырылады.

Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.

2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.

3. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV