Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
6-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті



Ст. 6 Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;

5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді үйлестіруді және жұмыспен қамтуды реттеуді жүзеге асырады;

7) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

8) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестік нысанына келіседі;

9) Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...28 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV