Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы

Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы
7-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті



Ст. 7 Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV



Мемлекеттік органдар:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;

5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...28 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 534-IV