Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Коллекторлық қызмет туралы
7-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу

1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай ішінде есептік тіркелуге жатады. 

2. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін уәкілетті органға: 

1) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, басшы қызметкерлер туралы, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру жөніндегі шарт туралы мәліметтер ескерілген өтінішті; 

2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтерді; 

6) филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтерді; 

7) коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері туралы мәліметтерді ұсынады. 

3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті орган бекіткен есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық нысанда ұсынады.  

4. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. 

Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде жазбаша нысанда бас тартады. 

5. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өту туралы өтінішті құжаттар топтамасы толық ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. 

6. Уәкілетті орган коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізуге және оны осы шешім мен тіркеу нөмірі туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы уәжді түрде жазбаша нысанда жауап беруге міндетті.  

7. Есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться