Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы

Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы
10-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты



Ст. 10 Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330



1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) шартта көзделген, атап айтқанда, лицензиардың фирмалық атауы мен қорғалатын коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, патенттi және т.с.с.) пайдалану құқығын қамтитын айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешендi) лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақы үшiн беруге мiндеттенедi. 

2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты лицензиардың лицензиялық кешенiн, iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн белгiлi бiр көлемде (атап айтқанда, пайдаланудың ең аз және (немесе) ең көп көлемiн белгiлей отырып), пайдалану аумағын көрсетiп немесе көрсетпей, қызметтiң белгiлi бiр саласына қатысты пайдалануды көздейдi. 

3. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты, сондай-ақ:

1) қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты берудi, шарттың бүкiл мерзiмi iшiнде кешендi лицензиатқа басқару, техникалық және ақпараттық жағынан ұдайы жәрдемдесудi; 

2) кешендi лицензиатқа пайдалануға берiлген айрықша құқықтар кешенiн пайдалануға қатысты талаптарды кешендi лицензиаттың орындауын кешендi лицензиар тарапынан бақылау шараларын да көздей алады. 

4. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларында қолдану жөнiндегi шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...24 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330